Қазақстандық жолсеріктер 3,7 мың тоннадан астам қалдықты қайта өңдеуге тапсырды
Фото: Министерство транспорта РК
Ұлттық тасымалдаушы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылған "Таза Қазақстан" республикалық экологиялық акциясы аясында қоршаған ортаны қорғау шараларын белсенді түрде жалғастыруда, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылдың алғашқы жарты жылдығында "Жолаушылар тасымалы" АҚ филиалдары 3,7 мың тонна қалдықты жинап, қайта өңдеуге жіберді.
Олардың ішінде 2,3 мың тонна қағаз, 748 кг пластик, 650 кг шыны, сондай-ақ, 2 мыңнан астам сусындардың темір банкілері бар.
Қалдықтар қайта өңдеу ресурстарымен айналысатын кәсіпорындарға тапсырылды. Бұл қоқыс алаңына түсетін қоқыс көлемін айтарлықтай азайтуға мүмкіндік беріп, сондай-ақ, экологиялық жүктемені төмендетіп қана қоймай, елдегі "жасыл" экономиканың дамуына ықпал етеді.
Бұған дейін 7 тамызда Жамбыл облысында "Тараз – таза қала" экологиялық акциясы өткені хабарланған болатын.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript