Ақтөбеде 500-ге жуық адам тазалық акциясына жұмылды

Акция Ақтөбе қаласындағы Ақтөбе орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі орналасқан "Заречный-3" тұрғын-жай аумағында да болды.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Акцияға облыс бойынша жалпы саны 500-ге жуық адам қатысты.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Олардың қатарында орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері, "Жасыл ел" жасақтарының сарбаздары бар.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Орман шаруашылығы мекемелері акцияға қатысушыларды қажетті техникалық жабдықтармен қамти отырып, қураған ағаштарды кесу, жол жиектеріндегі, арықтағы күл-қоқыстардан тазарту жұмыстарын жүргізді.

Сурет: Ақтөбе облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бүгінде Ақтөбе облысы бойынша орман және жануарлар дүниесін қорғайтын 9 мекеме (Ақтөбе, Үлкен-Борсық, Қарабұтақ, Мәртөк, Темір, Ойыл, Қобда, Орқаш, Байғанин) бар. Мемлекеттік орман қорының жалпы ауданы — 217,8 мың гектар.