Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысы "Таза Қазақстан" экологиялық акциясын қолдады

"Таза Қазақстан" ауқымды акциясы Жамбыл облысында "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" бастамасы аясында өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 16:21 Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі
"Таза Қазақстан" ауқымды акциясы Жамбыл облысында "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" бастамасы аясында өтеді.

Елімізде 8 сәуірден бастап "Таза Қазақстан" ауқымды акциясы басталды. Жамбыл облысының тұрғындары да бұл бастаманы белсенді қолдауда. Акция аясында Тараз қаласы мен өңірдің барлық ауданында 5 апта бойы экологиялық іс-шаралар өткізу жоспарлануда. Олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа бағытталған.

"Таза Қазақстан" ауқымды акциясы Жамбыл облысында "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" бастамасы аясында өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 16:21

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

  • "Таза өлке". Бірінші аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам қайраткерлері, ұйымдардың қызметкерлері өз аумағындағы аулаларды тазалайды.
  • "Киелі мекен". Екінші апта тарихи-мәдени ескерткіштердің аумағын абаттандыруға арналады.
  • "Жасыл аймақ". Үшінші аптада көшет отырғызу, ағаштарды әктеу жұмыстары жүргізіледі.
  • "Өнегелі ұрпақ". Акцияның төртінші аптасында ардагерлердің аулалары мен қарттар үйінің аумағын тазалау, абаттандыру көзделеді.
  • "Мөлдір бұлақ". Акцияның қорытынды, бесінші аптасында өзендер мен көлдер қоқыстан тазартылады.
"Таза Қазақстан" ауқымды акциясы Жамбыл облысында "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" бастамасы аясында өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 16:21

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ экологиялық науқан аясында Тараз қаласындағы Ы. Дүкенұлы атындағы Мәдениет үйінің аумағында ағаш отырғызу акциясы өтеді. Облыс орталығында және Жуалы ауданында "Таза аула, таза көше" байқауы өтеді.

"Таза Қазақстан" ауқымды акциясы Жамбыл облысында "Таза аула. Таза өлке. Таза ел!" бастамасы аясында өтеді., сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2024 16:21

Сурет: Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Шу тұрғындары сенбілікті Теміржолшылар саябағында өткізеді. Сарысу ауданында белсенді азаматтар сенбілікке орталық алаңда және Комсомол көлінің жағасында жиналады.

Шара барысында өңірдегі арықтар мен каналдарды тазалау, абаттандыруға баса назар аударылады.

"Таза Қазақстан" акциясына "Жас ұлан" және "Жасыл ел" жасақтары да белсене атсалыспақ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: