Қазақстан азаматы терроризмді насихаттағаны үшін жеті жылға бас бостандығынан айырылды

Ағымдағы жылдың 14 тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың бірін терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды., сурет - Zakon.kz жаңалық 20.08.2024 12:23 Сурет: freepik
Шығыс Қазақстан облысында терроризмді насихаттаған ер адам сотталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ҰҚК ресми ақпаратына сүйенсек, ағымдағы жылдың 14 тамызында ҰҚК материалдарының негізінде Шығыс Қазақстан облысының апелляциялық соты жергілікті тұрғындардың бірін терроризмді насихаттады деген айыппен үкім шығарды.

Оның мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы діндар адамдарды шетелдегі террористік әрекеттерге қатысуға шақырғаны анықталды.

Сот шешімімен оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

Үкім заңды күшіне енді.

Жыл басынан бері ҰҚК жедел материалдары бойынша террористік сипаттағы қылмыстар үшін 38 адам түрлі жаза мерзімдеріне сотталған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: