Алматыда шаршаған туристер тобына көмек көрсетілді
Фото: Zakon.kz
21 тамызға қараған түні Үлкен Алматы шатқалында үш адамнан тұратын топ құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, 20-25 жас аралығындағы туристер "Советов" шыңынан түсу кезінде шаршап өздігінен түсе алмаған. ҚР РЖҚЖ құтқарушылары туристерді таудан төменге түсіріп, ата-аналарына аман-есен тапсырды. Жастарға медициналық көмек қажет болмады.
Ал, 20 тамыз күні түнде Алматы тауларында өзен аңғарынан өте алмаған туристер, аралда қалып қойған.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
