Алматы облысында бәзбіреулер ресейлік көліктерді ұрлап, сатып келген
Сурет: Алматы полиция департаменті
Үш адамнан тұратын қылмыстық топ Ресейдің есебінде тұрған автокөліктерді ұрлап, оларды Алматы облысында сатып келген. Қазір күдіктілер қамауға алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алматы Полиция департаментінің хабарлауынша, үштіктің ресейлік «ВАЗ» көліктерін ұрлағаны туралы анықталған бес дерек бар. Қаскөйлер Ресей Федерациясының есебінде тұрған автокөліктерге әбден «маманданған». Олар ұрланған көліктерді Кеген ауылындағы үйлердің біріне жасырып, автомодильді сол жерден сатқан.
Қалалық Криминалдық полиция басқармасындағы әріптестердің көмегімен көлік ұрлағандарды әшкереледік және ұстау іс-шарасын жүргіздік. Күдіктілер қамауға алынды. Олар – 19-20 жастағы азаматтар. Әрқайсысының рөлдері нақты бөлінген. Тергеу барысында күдіктілердің Алатау, Алмалы және Медеу аудандарында бес автокөлік ұрлағаны анықталды. Сатып алушылардан бес көліктің төртеуі тәркіленді, тағы бір ВАЗ бөлшектеліп, қосалқы бөлшектерге сатылып кеткен.Медеу аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Еділхан Байғараев
Қазір полиция қызметкерлері ұсталғандардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр. Айыпталушылар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript