Жаңалықтар тізбегі
0

Негізсіз жұмыстан шығарылған Ақтөбе тұрғындары ҚТЖ-мен сотта жеңіске жетті

Железнодорожный вокзал, поезд, пассажиры, железная дорога, рельсы, ЖД, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.08.2024 13:45 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Ақтөбе қаласының 9 тұрғыны "ҚТЖ – жүк тасымалы" ЖШС-на сот шешімімен 1,5 айдан кейін қайтадан қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Жоғарғы соттың 2024 жылғы 21 тамыздағы ақпаратынша, қабылданған жұмыскерлермен бір жарым ай өткен соң, ЖШС атқаратын лауазымына сәйкес келмеуіне байланысты еңбек шарттарын бұзған (Еңбек Кодексінің 52-бабы, 1-тармағы, 4-1-тармақшалары).

"Сот талап қоюшылардың job.railways.kz. сайты арқылы жұмысқа орналасу кезінде, конкурсқа қатысу үшін барлық қажетті құжаттар және олардың кәсіби қабілеттерін растайтын құжаттар тапсырылғаны анықтады".ҚР Жоғарғы соты

Сот тараптар берген дәлелдемелерді жан-жақты бағалай отырып, хаттамада талап қоюшыларды жұмыстан босатуға негіздер жоқ және бұл ЖШС басшылығы тарапынан немқұрайлылықты көрсетеді деген тұжырымға келді.

Осылайша, ЖШС тарапынан талап қоюшылардың Конституциялық еңбек құқықтары бұзылған. Сот жұмыстан босатылған қызметкерлердің лауазымдарын қалпына келтірді. Жұмыс берушіден әр талап қоюшы пайдасына 900 мың теңге шамасында мәжбүрлі бос жүрген уақыт пен моральдық зиян өтемақысы өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: