Астана су қоймасында екі балықшы жоғалып кетті
Сурет: Ақмола облысы ТЖД
Ақмола облысында жас балықшыларды түні бойы іздеуге тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
25 тамыз күні сағат 19:30-да 2001 және 2003 жылы туған екі ер адам балық аулауға барып, қайтып оралмағаны туралы хабар келді. Ақмола облысы ТЖД мәліметінше, іздеуге Ақмола облысы мен Астана қаласы ТЖД, жергілікті атқарушы органдар мен жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері кірісті. Іздеу жұмыстары түні бойы жалғасты.
"Балық аулау әуесқойлары бүгін таңғы сағат 08:00-де табылды. Белгілі болғандай, түнде қатты жел оларды қарама-қарсы жағалауға шығарып тастағандықтан, олар өздігінен орала алмады. Сондай-ақ, оларда құтқару кеудешелері де, байланыс құралдары да болған жоқ".Ақмола облысы ТЖД
Сурет: Ақмола облысы ТЖД
Кейін құтқарылғандар ӘҚБтК-нің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Сондай-ақ, Іле Алатауында жоғалып кеткен ер адамды құтқарушылар 12 сағат бойы іздеген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript