Қызылорда облысында 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырған 9 адамға қатысты үкім шығарды
Сурет: pexels
Жаңақорған аудандық білім бөлімінде бюджет қаражатын жымқыру ісі бойынша үкім шығарылды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді облыстық прокуратура жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы білім беру жүйесінде жұмыс істемейтін тұлғалардың есепшотына заңсыз ақша аударылғанын дәлелдеді.
Қылмыстық іс бойынша негізгі айыпталушылар бас бостандығынан айырылса, қалған 7 сыбайлас бухгалтерлік қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, шартты түрде сотталды.
Келтірілген шығын ішінара өтелді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Айта кету керек, бұған дейін прокурорлар сол аудандағы мектептердің есепшілері мектептерде жұмыс істемейтін тұлғалардың есеп шоттарына заңсыз ақша аударып, жымқырғанын анықтаған болатын.
Бұл қылмыстық істер бойынша айыптау үкімі шықты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript