Маңғыстау облысында көлік жарылып, оқыс оқиға сәті видеоға түсіп қалды
Сурет: видеодан алынды
Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде қоқыс таситын көлік өртенді. Ауыр көлік 120 литрлік газ баллонымен жабдықталғандықтан, ыстыққа шыдамай жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқыс оқиға 7 қыркүйекте сағат 12-00 шамасында Мұнайлы ауданындағы "Адай" базасы маңында "Әйгерім" мейрамханасы жанындағы жол үстінде болды.
"Өрт сөндірушілер келгенге дейін көліктегі газ баллоны жарылды. Қатты жарылыс салдарынан әйнектер сынып, 20 метр қашықтықта орналасқан "Ақ жол" азық-түлік дүкенінің баннерін бүлінді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ", деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript