Маңғыстау облысында жасөспірімді ит талап тастаған

Маңғыстау облысында жасөспірімді ит талап тастаған, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2025 16:46 Сурет: pexels
Маңғыстау облысындағы ауылдардың бірінде мектеп жанында жасөспірімді ит қауып алған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік желілерде Ақшұқыр ауылында ит тістеп алған жасөспірімнің бейнесі тарады. Кадрлардан оның тура мектептің жанындағы жолдың бойында жатқандығын көруге болады. Алған жарақаттарынан жасөспірім еріксіз жылап жатты.

"Мектеп оқушысын ит қауып алды. Қолдары қан-қан. Бірнеше жерінен тістеген. Шабуыл жасаған ит әні тұр. Балаларды иттер осылай тістейді", – деді бейне авторы.

Маңғыстау облысының ПД "102" пультіне оқиға туралы қоңырау түскенін айтты. 15 жастағы жәбірленуші қажетті көмек көрсету үшін медициналық мекемеге жеткізілді.

"Полиция қызметкерлері жануардың иесін жедел анықтады. Ит иесіне қатысты жануарларды ұстау ережелерін бұзғаны үшін ӘҚБтК – нің 407-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалды", – деп нақтылады ведомство.

Бұған дейін еліміздің бірнеше өңірінің тұрғындары бұралқы иттерге наразылықтарын білдіруде екенін жазған болатынбыз. Қазақстандықтар қаптаған қаңғыбас иттердің кесірінен көшеге шығудан қалғандарын айтады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: