Бұралқы иттердің әлегі: қазақстандықтар желіде жаппай наразылық білдіруде

Собаки, собака, бездомные животные, бездомные собаки, бродячие собаки, приют для бездомных животных, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2025 16:12 Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Еліміздің бірнеше өңірінің тұрғындары бұралқы иттерге наразылықтарын білдіруде. Олар қаптаған қаңғыбас иттердің кесірінен көшеге шығудан қалғандарын айтады. Аймақтардағы жайтты Zakon.kz тілшісі зерттеп көрді.

Бір итке арналған баспана

Қарағанды облысының Ағадыр кентінде қаңғыбас иттерді уақытша ұстау мәселесінде оңтайлы шешім қабылданған болатын. Екі жыл бұрын ауылда осы үшін арнайы қоршау сатып алынды. Бір қызығы ол тек бір жануарға ғана арналған.

Уақытша баспана кент әкімдігін жылытатын қазандықтың жанында орналасқан. Тілші аймақты қанша барласа да, мұнда иттердің ізін де таба алмаған.

Сурет: Zakon.kz/Сандугаш Сарсембаева

Ал, бұл уақытта желідегі ағадырлықтар жаппай наразылықтарын білдіруде. Көшедегі топ-тобымен жүрген иттерді бейнежазбаға түсіріп, талқылауда. Олар бірінші мектепке баратын балалары үшін уайымдайды.

Өз кезегінде Ағадыр әкімдігі иттерді аулаумен жергілікті ветеринарлық қызмет айналысатындығын айтты. Әкімдік қысқы уақытта иттерді аулауға байланысты өтініштер саны бірнеше есе өсетіндігін де жасырмады.

Белгілі болғандай, 2024 жылы жергілікті ауруханаға ит қапқан 35 адам жүгінсе, 2025 жылдың басынан бері екі адам дәл осы себеппен ем алған. Кенттегі тұрғын саны — 11500 адам.

Құпия ақпарат

Бұл ретте, өткен жылы қаңғыбас иттерді аулауға, уақытша ұстауға, зарарсыздандыруға, вакцинациялауға және чиптеуге Ағадырға қанша ақша бөлінгенін анықтау оңай болған жоқ.

Жергілікті ветеринар бұл ақпаратты айта алмаған. Ауданнан ақпарат күтіп, артынша кейін міндетті түрде айтып беруге уәде берген. Сондай-ақ, маман өткен жылы қанша жануар ұсталып, зарарсыздандырылғанын, вакцина алғанын және чиптелгенін де дөп басып, мәлімет бере алмаған.

Өскемендіктердің ортақ мәселесі

Қаңғыбас иттер өскемендіктердің де әбден зәресін алған. Желіде олардың шабуылынан зардап шеккен азаматтардың фотосуреттері мен бейнежазбалары таралып жатыр. Әсіресе, №46 орта мектеп жанында болған мына бір оқиға қызу талқыға түскен.

Сурет: ilove oskemen

ШҚО ветеринария басқармасы бір топ иттің шабуыл жасаған бейнесі тарағаннан кейін оқиға орнына ведомство қызметкерлері, "Өскемен-вет" КММ және аумақтық басқару орталығының жергілікті филиалының өкілдері, құрамында аулау бригадасы жіберілгені туралы мәлімдеді. Мұндай оқиғалар тек Өскенменде ғана емес, облыстың өзге де аймақтарында, атап айтқанда, Риддер қаласында да орын алған.

ШҚО денсаулық сақтау басқармасының ақпаратынша, 1-14 қаңтар аралығында Өскемен қаласының жарақат пунктіне ит тістеген 8 бала мен 28 ересек адам жүгінген.

"Жыл сайын иттің қабу жағдайы жиілеп келеді. Мәселен, егер 2023 жылы осы жайтпен кәмелетке толмаған 344 науқас жүгінсе, 2024 жылы бұл көрсеткіш 388 баланы құрады. Сондай-ақ, қаңғыбас иттерден былтыр 757 ересек адам зардап шеккен. ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі

Айта кетейік, бұл мәселе тек Қазақстанда ғана емес Марокконың да негізгі проблемасына айналып отыр. Футболдан әлем чемпионатын өткізетін ел бұралқы иттермен күресте үш миллионға жуық жануарды өлтіруі мүмкін. Қазірдің өзінде елдің әртүрлі аймағында мыңдаған ит өлтірілген. Дегенмен, елдегі экологтар петиция бастап, билікке қарсы шығуда.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: