Марокко билігі елде өтетін ФИФА Әлем чемпионатына байланысты бұралқы иттерді аулауды жоспарлап отыр

Бродячие животные, бездомные животные, бродячий собаки, бездомные собаки, бродячие псы, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2025 11:53 Фото: pixabay
Марокко билігі елді футболдан әлем чемпионатына дайындау барысында үш миллионға жуық бұралқы иттерді өлтіруі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Daily Mail дерегінше, белгілі эколог, приматолог және БҰҰ бейбітшілік елшісі Джейн Гудолл Марокконың әртүрлі аймақтарында мыңдаған иттер өлтірілгендігін мәлімдеді. Ол мұндай әрекеттер жалғасын табады деген оймен алаңдатушылық білдіріп отыр. Сондықтан, белсенділер тобы жануарларға қатыгедікті тоқтату туралы петиция бастады. Олар Солтүстік Африка елінің көшелерінде иттерді бей-берекет атады, уландырады және өлтіру үшін арнайы мамандандырылған мекемелерге апарады деп мәлімдеді.

Джейн Гудолл ФИФА-ға шұғыл шаралар қабылдауды талап етіп, ұйымды "қорқынышты варварлық әрекетке" көз жұмды деп айыптады. Ол ұйымның Бас хатшысы Маттиас Графстремге хат жазып, Марокко билігінің иттерді жаппай өлтіруді жалғастырып жатқанына таң қалғанын айтты, дегенмен 2024 жылдың тамызында бұл науқанның аяқталғанын ресми түрде жариялады.

Гудолл ФИФА-ға Марокко билігіне иттерді ату тоқтаталмайынша турнирдің өтккізілмейтіндігін хабарлауды ұсынды.

Бұған дейін Германияда ер адам ұлы мен жұбайын уландырмақ болды деген күдікке ілінгені хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: