Көкшетауда бұралқы иттермен күрес тоқтады: оған не себеп
Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
КТК дерегіне сүйенсек, оған себеп: ұсталған итті сырғалауға тиіс мекемеге әкімдік үш айдан бері ақша аудармаған.
"Біз үш айдың жұмысын атқардық. Мамыр айынан бері ешқандай төлем алған жоқпыз. Бізге ветеринардың еңбекақысын, жануарларды аулау жұмысының шығынын және оларды тамақтандыруға жұмсалған қаражатты төлеу қажет. Алайда ақшаның болмауына байланысты кеше жұмысымызды толық тоқтатуға мәжбүр болдық. Осы уақытқа дейін қаңғыған иттерді өз ақшамызға аулап, күтіп-бағып келдік. Шарт бойынша барлығы 536 итті аулап, заласыздандырдық". Ангелина Мелетенко, "Шанс на спасение" Қоғамдық ұйымының еріктісі:
Ал шарт бойынша тағы 140 шақты ауру немесе қабаған итті эвтаназиялау қарастырылған. Алайда "Шанс на спасение" ұйымы ондай иттерді өзінде қалдырып, өз ажалымен өлгенше бағып, асырайды. Қазір әкімдік оларға 2 млн теңгеден артық ақша қарыз. Жергілікті билік иесіз бұралқыны аулауға 11 жарым млн теңгеге мемлекеттік тапсырыс берген. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін сақтау үшін қазір иттерді аулау жұмысын кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі атқарып жатыр. Ал алдыңғы ұйымға қарыз ақшаны тамызда төлейміз дейді шенеуніктер.
Бұған дейін Қызылорда облысында интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін жазғанбыз.