Алматыда "Алтын Ордаға" қарама-қарсы не өртенгені белгілі болды

Алматыда "Алтын Ордаға" қарама-қарсы не өртенгені белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.09.2024 11:24 Сурет: kris_p_almaty
9 қыркүйекте таңертең Алматының шет ауданында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жалынға оранған ғимараттың бейнесін куәгерлер түсіріп алған.

Алматы ТЖД баспасөз қызметі өрт туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

"09 қыркүйекте 09 сағат 20 минутта Алматы қ.ТЖД күштер мен құралдары Наурызбай ауданы, Ташкент тас жолы, 17/1 мекен жәйы бойынша хабарламаға жіберілді. Келген сәтте жұмыс істемейтін үй-жайдың бір қабатты ломбард шатырына таралуымен ауданы 100 кв. м .өрт шарпығанын анықтады, өрт орнынан 1 газ баллоны (50л) эвакуацияланды".Алматы ТЖД

Өрт 15минуттың ішінде оқшауланып, 09-48 де жойылған.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

"Оқиға орнына сауда орындарға жақын болған себебінен ТЖД 48 л/с және 14 бірлік техника жіберілді, бірақ өрт қас қағым сәтте оқшауланғаннан кейін, техниканың басым бөлігі қайтарылды".Алматы ТЖД

Бұған дейін Ташкент тұрғындарының жер сілкінісін сезінгені белгілі болды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: