Алматының солтүстік бөлігіндегі қара түтіннің себебі белгілі болды

Пожар на складе, пожар на складских помещениях, горящие склады, горящие складские помещения, тушение складов, пожарные, пожарный, пожарная служба, огонь, возгорание складских помещений, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.08.2024 15:07 Фото: Zakon.kz
Алматыда 2024 жылдың 26 тамызында таңертең Рысқұлов даңғылында өрт шықты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалың қара түтін бейнеленген кадрлар әлеуметтік желілерде пайда болды. Оқырмандар не жанып жатқанын жапа-тармағай сұрай бастады.

Анықталғандай, тез тамақтану дүңгіршегі қызыл жалынға оранған.

"Бүгін Алматыда Д.Бедный көшесіндегі тез тамақтану дүңгіршегінде өрт шығып, көрші ғимараттарға таралу қаупі туындады. Өрт сөндірушілер бірнеше минут ішінде өртті сөндіріп, кәсіпкерлердің мүлкіне оттың таралуына жол берілмеді. Зардап шеккендер жоқ",- делінген ақпаратта.

Бұған дейін ҚР ТЖМ баспасөз қызметі автокөлік жүргізу кезінде өртенген жағдайда жүргізушілерге арналған ұсынысты жариялады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: