Еуропа тұрғындары ШҚО-да заңсыз есірткі өндіретін зертхана ашқан

ШҚО-да Еуропа елдерінің бірінің азаматтары ұйымдастырған синтетикалық есірткі дайындайтын астыртын зертхананың қызметі әшкереленді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Өңірдің прокуратурасының ақпараты бойынша, заңсыз айналымнан 630 мың бір дозалы пакеттерде жалпы салмағы 125 кг астам "мефедрон", 500 литр прекурсорлар, сондай-ақ, тәулігіне 30 кг дейін синтетикалық есірткі өндіруге мүмкіндік беретін замануи зертханалық жабдықтар тәркіленді.
"Тәркіленген есірткінің қара нарықтағы құны 3,5 млрд теңгеден асады". Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы
Сондай-ақ, сот санкциясымен 2 шетелдік азамат қамауға алынғаны хабарланды.
Р ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Тергеу мүддесінде қылмыстық іс бойынша өзге ақпарат жария етілуге жатпайды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript