Жаңалықтар тізбегі
0

Тараз маңындағы әскери бөлімдегі жарылысқа кінәлілер шығын көлемін төлеуге міндеттелді

Тараз маңындағы әскери бөлімдегі жарылыстарға кінәлілерді өтеуге үлкен залал міндеттелді, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.09.2024 15:26 Сурет: Zakon.kz
Шымкентте сот Тараз маңындағы әскери бөлімдегі ауқымды жарылыстарға кінәлі деп танылғандарды мемлекетке 23 млрд теңгеден астам шығын төлеуге міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотта қаралды. Үкім Қорғаныс министрлігінің төрт жауапкеріне шығарылды.

Шымкент соты оқиғаны еске салды: 2021 жылдың 26 тамызында сағат 18:40 шамасында Жамбыл облысы Байзақ ауданы Қайнар жол торабында орналасқан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің №28349 әскери бөлімінің инженерлік оқ-дәрілер қоймасының бірінен өрт шығып, одан кейінгі жарылыстарға әкеліп соқтырған. Нәтижесінде 18 адам қаза тауып, бірнеше адам зардап шегіп, сондай-ақ мемлекет пен жеке тұлғаларға аса ірі мөлшерде залал келтірілген.

"Жауапкерлердің кінәсі Шымкент гарнизонының әскери сотының 2023 жылғы 20 қазандағы және Қазақстан Республикасы Әскери сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2024 жылғы 13 наурыздағы заңды күшіне енген апелляциялық сот актілерімен дәлелденген. Жауапкерлер әскери бөлімнің техникалық аумағында №14 инженерлік оқ-дәрілерді сақтау қоймасында өрт шығуына жол бергендері, яғни олардың іс-әрекеттерінен аса ірі мөлшерде шығын келгені сотпен анықталғандықтан, келтірілген материалдық залалды ортақтасқан түрде 23 764 530 881 теңге көлемінде мемлекет пайдасына өндіру туралы шешім қабылданды",- делінген хабарламада. 

Талаптың 1 328 507 355 теңге өндіру туралы бөлігі дәлелдер болмауына байланысты қанағаттандырусыз қалдырылды.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, 2021 жылғы 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы 28349 әскери бөліміндегі қоймадағы оқ-дәрілер жарылып, арты өртке ұласқан. 18 адам қаза тапты.  Жарылыстан кейін әскери қоймаға жақын маңдағы ауылдардан жүздеген адам эвакуацияланды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: