Тараз қалалық сотының бұрынғы төрағасы жемқорлық үшін сотталды

Тараз қалалық сотының бұрынғы төрағасы жемқорлық үшін сотталды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.03.2023 10:18 Сурет: Zakon.kz
Тараз қаласының №2 соты Тараз қалалық сотының экс-төрағасы Алтынбек Мадемаровты сыбайлас жемқорлық қылмысын жасағаны үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сонымен қатар Мадемаров өмір бойына мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, сотталушы сатып алу-сату мәмілесін және мүліктік құқықты заңды деп тану туралы азаматтық іс бойынша оң шешім шығаруға көмектескені үшін азаматтан 1 млн теңге пара алған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: