Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда бетон араластырғыш көлік биіктен сырғанап кетіп, жеке үйді талқандады

Төтенше оқиға, Алматы, Камен үстірті, бетон араластырғыш көлік, құлау, жеке үй , сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 09:54 Сурет: Zakon.kz
Алматының Медеу ауданында орналасқан Камен үстірті ықшам ауданында 13 қыркүйекте төтенше жағдай орын алды: бетон араластырғыш жүк көлігі жардан сырғанап, бар екпінімен төмендегі жеке үйге соғылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқыс оқиға "Шакман" маркалы жүк көлігінің іргелес учаскеде фундаментке арналған бетонды төгіп жатқанда болған.

Бетон араластырғыш көлік, Алматы, биіктен сырғанау, жеке үй, талқандалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 09:54

Сурет: Zakon.kz

Белгілі болғандай, жүк көлігі шамамен жеті текше метр бетон жеткізген, оның екі текше метрі қалған кезде күтпеген жерден көлік төмен қарай сырғи жөнелген.


Жүк көлігінің тартқыш тежегіші тартылған, оның үстіне доңғалақтар астына беріктік үшін тастар қойылған. Соған қарамастан ол Қайнармет көшесі бойымен ылдилап, төменге жеткенде бір жағына қарай бұрыла аударылып, жеке үйді қиратты.

Бетон араластырғыш көлік, Алматы, биіктен сырғанау, жеке үй, талқандалды, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2024 09:54

Сурет: Zakon.kz

Қатты соққы салдарынан құрылыс нысаны іргетасымен қоса толығымен дерлік қирады. Бақытымызға орай, оқиға болған кезде иесі саяжай ретінде пайдаланған үй бос тұрған. Үй иесі осы күні саяжайға келмек болғандарын, бірақ бір себептермен жолға шыға алмағандарын айтты. Оқиға орнында Алматы қаласының жол полициясы мен құтқару қызметінің қызметкерлері болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: