Алматыда 54 жастағы мопед тізгіндеген әйел бетон араластырғыш көлікпен жол апатына түсіп, қаза тапты

Алматыда 54 жастағы мопед тізгіндеген әйел бетон араластырғыш көлікпен жол апатына түсіп, қаза тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 13:59 Сурет: Zakon.kz
2025 жылдың 5 қыркүйек күні таңертең Алматы қаласында Howo маркалы бетон араластырғыш көлік пен Honda Dio мопедінің қатысуымен ауыр жол-көлік оқиғасы орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Қапшағай тас жолында, Алматы қаласына кіреберісте болған. Екі жүргізуші де оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан.

Алматыда 54 жастағы мопед тізгіндеген әйел бетон араластырғыш көлікпен жол апатына түсіп, қаза тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 13:59

Сурет: Zakon.kz

Екі дөңгелекті көлік пен ауыр жүк көлігінің соқтығысуының нақты жағдайлары әзірге белгісіз.

Алматыда 54 жастағы мопед тізгіндеген әйел бетон араластырғыш көлікпен жол апатына түсіп, қаза тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 13:59

Сурет: Zakon.kz

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, Howo жүргізушісі соқтығысуды байқамай, жолын жалғастырған. Ол апат болған жерден шамамен бір шақырымдай ұзаған соң ғана тоқтаған.

Алматыда 54 жастағы мопед тізгіндеген әйел бетон араластырғыш көлікпен жол апатына түсіп, қаза тапты , сурет - Zakon.kz жаңалық 05.09.2025 13:59

Сурет: Zakon.kz

Соқтығысу салдарынан мопед тізгіндеген 54 жастағы әйел оқиға орнында қаза тапты. Қатты соққыдан оның дулығасының түгі қалмаған.

Полиция оқиға орнында жол апатының мән-жайын анықтап жатыр.

Бұған дейін Алматыда жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпек болған ер адамның қаза тапқанын жазғанбыз

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: