Қарағанды облысында бұзаулар жаппай қырылып, қыстақ карантинге жабылды
Сурет: Zakon.kz
Қарағанды облысында ірі қарадан қарасан ауруы анықталды. Қарқаралы ауданындадағы Сартау қыстағында бірден 14 бұзау баудай түсіп, карантинге жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қарқаралы ауданы Мамыраев ауылына қарасты Сартау қыстағында 15 шақты бұзау айналдырған екі үш күнде арам қатқан. Аумақтың ветинспекция мамандары өлекселерден сынама алып зертханаға жолдаған. Сараптама қорытындысы ірі қаралар қарасан жұқтырғанын растаған. Бұл кесел негізінен аша тұяқты жас төлге топырақ пен лай судан жұғады. Асқынғанда бұлшық еті қабынып, ішек-қарны мен бауырын ыдыраты да, арам қатырады екен. Қазір қолда бар малдың бәріне екпе салынып, қора жайлар залалсыздандырылды. Қыстау карантинге жабылды, деп хабарлайды КТК.
"Карантин қойылуына байланысты өлім-жітімге ұшыраған малға, яғни он төрт басқа республикалық бюджеттен нарық бағасы бойынша ақы төленеді. Топырақтағы инфекция малға қауіпті. Төлдерге қауіпті, олар оны көтере алмайды. Үш айлықтан бір жылға дейінгі, ал ересек мал оны жұқтыра қоймады". ҚР АШМ Қарағанды облысы ветеринария инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript