Астанада 8 жыл бұрын қарақшылық жасаған шетелдік Испанияда ұсталды
Фото: pexels
Астанада қарақшылық жасағаны үшін 8 жылдан бері іздеуде жүрген ресейлік Испанияда ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 24 қыркүйекте ҚР ІІМ хабарлады.
"Аликанте қаласында Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық бюросының сұрауы бойынша елорда аумағында қарақшылық жасағаны үшін халықаралық іздеуге жарияланған Ресей азаматы ұсталды",- делінген хабарламада.
Ол 2016 жылы топ құрамында үйге заңсыз кіріп, зорлық-зомбылықпен жалпы сомасы 4 млн теңгеден астам мүлікті иемденген деп күдіктелуде.
Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауда. Оны елге жеткізу мәселесі шешілуде.
Бұған дейін Қостанайда есірткі жасырып кетумен айналысқан студенттердің 11 жылға түрмеге тоғытылғаны белгілі болды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript