Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан әйел адам көз жұмды

Алматыда жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік соқтығысып, салдарынан әйел адам көз жұмды, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2024 17:42 Сурет: Zakon.kz
Алматыда 4 қазанда №58 жолаушылар автобусы мен Mitsubishi Space Wagon жеңіл көлігі соқтығысып, салдарынан әйел адам қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жол апаты Солтүстік айналма тас жолы – Бөкейханов көшелерінің қиылысында болды.

Екі көлік те айналма жолмен қатар жүрген. Автобус жол қозғалысы ережелеріне сәйкес, оң жақ жолақпен жылжыған.

Солтүстік айналма тас жолына шығу кезінде Mitsubishi жүргізушісі оң жақ қатарға ауыспай, екінші қатардан бұрылады. Мұны күтпеген автобус жүргізушісі қапелімде не істерін білмей қалған, осылайша көліктердің соқтығысуға жол берілді. 

Соққы салдарынан жеңіл көлік бір бүйіріне аударыла құлады.

Апат салдарынан минивэннің артқы орындығында отырған келіншек (27 жаста) қаза тапты. 


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: