Ақмола облысында инсульт алған әйел құлыптаулы пәтері ішінде жалғыз қалып кеткен

Жедел жәрдем көлігі, Ақмола облысы, Степногорск, әйел адам, инсульт, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.10.2024 22:37 Сурет: Zakon.kz
4 қазанда Степногорск қаласында өзін нашар сезінген әйел үйінде жалғыз болған. Оған шұғыл көмекке жеткен дәрігерлер есікті аша алмай, әбден әбігерге түскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар апаттық-құтқару құралдарының көмегімен пәтер есігін ашқан.


"Пәтер ішінде әйел адам бар екен. Құтқарушылар әйелді жедел жәрдем бригадасына тапсырды. Жедел жәрдем көлігіндегі тексеріс кезінде әйелдің инсульт алғаны анықталды",делінген хабарламада.

Бұған дейін 4 қазанда Көкшетауда көше бойында "Газель" автокөлігі отқа оранғанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: