АЭС бойынша референдум: Қазақстанда дауыс беру аяқталды

референдум, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2024 20:00 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда АЭС бойынша референдум учаскелері жұмысын аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша республикалық референдумға жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де дауыс беру басталды.

Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі дауыс беру бюллетенінде "Сіз Қазақстанда атом электр стансасының салынуымен келісесіз бе?" деген сұрақ бар. Ал сайлаушының жауап нұсқалары: "Иә, келісемін" және "Жоқ, келіспеймін".

Сайлаушы кез келген белгіні өзі дауыс беретін жауап нұсқасының оң жағындағы бос шаршыға қояды.

Дауыс беру тізіміне 12,3 миллионға жуық қазақстандық енгізілген.

6 қазан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша тізімдерге енгізілген азаматтардың жалпы санының 61,56%-ы бюллетень алды.

Сағат 19.00-дегі жағдай бойынша шетелде 13 учаскенің жұмысы аяқталды, 7358 астам Қазақстан азаматы өз дауысын берді (дауыс беруге 59,79 % қатысты).

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: