Алматы облысында тауда адасып кеткен екі дос табылды

Іздеу-құтқару жұмысы, тау, Алматы облысы, Фурманов шыңы, екі жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2024 09:23 Сурет: ҚР ТЖМ
Алматы облысында 17 жастағы екі жасөспірім биіктігі 3050 метр болатын Фурманов шыңына көтеріліп, бірақ төменге түсерде қайтар жолды таппай қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ мәліметінше, адасып қалған екі дос ұялы телефон арқылы 112 нөміріне қоңырау шалып көмек сұраған.

"Алматы қаласының құтқару қызметімен бірлесе ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы жүргізген іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде екі жас "Панорама" шыңында құтқару лашығынан табылды", делінген хабарламада.

Іздеу-құтқару жұмысы, тау, Алматы облысы, Фурманов шыңы, екі жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.10.2024 09:23

Сурет: ҚР ТЖМ

Жас туристерді қауіпсіз жерге түсіріп, құтқарушылар оларды ата-аналарына тапсырды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: