Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында бір көшеде тұратын екі жасөспірімнің мәйіті табылды

Насилие над детьми, дети, физическое насилие, ребенок , сурет - Zakon.kz жаңалық 30.10.2024 09:49 Фото: freepik
Жамбыл облысы Түймекент ауылында араға бір күн салып қайтыс болған екі жасөспірімнің денесі табылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"КТК" телеарнасы ақпаратынша, марқұмдар бір көшеде тұрған және бір-бірімен таныс.

Тергеу мәліметтері бойынша, 15 жастағы студент пен 16 жастағы оқушының денелері ауылдың әртүрлі учаскелерінен табылды. Бірінші жасөспірімнің мәйітін бір күн бұрын інісі байланыс мұнарасы жанынан тапқан. Келесі күні оның танысы, мектеп оқушысының денесі, үйінің сарайынан табылды.

Көршілерінің айтуынша, жасөспірімдер көп балалы отбасылардан шыққан және жақсы мінез-құлыққа ие болған. Полиция екі жағдайдың да "суицидке әкелу" бабы бойынша тергеліп жатқанын және ресми түрде бір-бірімен байланысты емес екенін растады. Соған қарамастан, ауылда оқиғаның себептерін анықтау үшін психологтар, педагогтар мен инспекторлардан тұратын комиссия жұмыс істеуде.

Жамбыл облысы ПД ресми өкілі Гүлсара Мұхтарқұлова екі жағдай бойынша да сотқа дейінгі тергеу басталғанын айтты.

"Аталған деректер бойынша Байзақ аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Болған оқиғаның мән-жайларын анықтау үшін қажетті кешенді тергеу шаралары жүргізіледі. Екі жағдай да бір-бірімен байланысты емес, қаза тапқандар туыс емес", — деді ПД.

Бұған дейін Ішкі істер министрлігі екі күнде іздеуде жүрген 280 қылмыскерді ұстағаны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: