Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында қатты боран болып, бақташы адасып кетті

Боран, Ақтөбе облысы, бақташы, адасу, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2024 20:15 Сурет: видеодан алынды
Ақтөбе облысында ер адам мал жаю үшін, бүгін, 6 қарашада таңертең кетіп, сол күйі үйіне оралмаған. Оның боран кезінде адасып қалғаны белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2024 жылы 6 қарашда Ақтөбе облысының 112 қызметіне 1961 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ол таңертең мал жаюға шығып, ауа райының нашарлауына байланысты елдімекенге өз бетінше жете алмаған", делінген ҚР ТЖМ хабарламасында.

Қарлы боран кезінде жол жүрісі бағдарын жоғалтқан ер адамды Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласының маңында ТЖМ күштері тауып алып, елдімекенге дейін ертіп барғаны, оның медициналық көмекке мұқтаж болмағаны да нақтыланады. 

Бұған дейін Қостанай облысында қазандық жарылғаны хабарланған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: