Көңілдесін өлтіруге тапсырыс берген бұрынғы әкім мерзімінен бұрын босатылды

Задержание, задержанный, наручники, правонарушение, преступление, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.11.2024 15:27 Фото: pxhere
Теректі ауданының бұрынғы әкімі Жеңіс Серікқалиев көңілдесін өлтіруге тапсырыс бергені үшін 11 жылға бас бостандығынан айырылған болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол 8 жыл өткеннен кейін өтелмеген мерзімді шартты мерзімге ауыстыруға өтініш білдірді.

"Мой город" ақпаратынша, Серікқалиев шартты мерзімге нақты түрде 2024 жылдың сәуірінде ауыстырылды, бірақ бұл туралы енді ғана белгілі болды. Экс-әкім 11 жылдың 8 жылын темір тордың ар жағында өткеріп шықты. Мерзім 2027 жылдың 14 наурызында аяқталуы керек еді.

Жазасын өтеу кезінде Серікқалиев ережелерді бұзбаған, жұмыс істеп, іс-шараларға қатысты,15 рет көтермелеу алды.

Оқиға 2016 жылы болған. Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев өзінің қарамағындағы ТКШ бастығына көңілдесін өлтіруді тапсырды. Көңілдесі болса, әкімнен заңсыз дүниеге келген баласын мойындауды талап еткен. Киллердің рөлі әкімдік жүргізушісіне тапсырылды. 8 пышақ жарақатын алған жәбірленуші жүргізушіні бірден таныған. Нәтижесінде сот аудан басшысы мен ТКШ бастығын 11 жылға, жүргізушіні 10 жылға соттады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: