Петропавлда теракт туралы жалған ақпарат берген адам бас бостандығынан айырылды
Сурет: Zakon.kz
Петропавл тұрғыны жарылғыш құрылғы туралы жалған ақпарат бергені үшін бір жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
14 ақпанда масаң күйдегі ер адам 102 шұғыл байланыс желісіне Заводская көшесіндегі үйдің подъезінде жарылғыш затпен тұрғаны туралы хабарлаған.
Оқиға орнына патрульдік полиция батальонының қызметкерлері, жарғыш техниктер мен басқа да шұғыл қызметтердің өкілдері келіп жетті. Аталған үйдің жанында масаң күйдегі ер адам ұсталды. Жеке тексеру барысында ешбір жарылғыш қауіпті зат табылған жоқ.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабымен “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау” сотқа дейінгі тергеу басталды. 8 маусымда Петропавл қалалық соты оған бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауға үкім шығарды.
Ер адамның заңсыз әрекеті қалалықтардың тыныштығының шырқын бұзды. Осындай оқиғалар меншік иелеріне материалдық шығын келтіре отырып, объектілердің жұмысына жиі кедергі жасайды, адамдардың тыныштығын бұзады, ғимараттарды тексеру үшін адамдарды эвакуациялауға тура келеді. Телефон терроризмі үшін ҚР ҚК 273-бабының санкциясына сәйкес ірі көлемдегі айыппұл мен 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін естен шығармаған жөн. СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Жарасбаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript