Алматыда алаяқтардың нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланатын "Sim-Box" жабдығы тәркіленді

Хакеры, программисты, кибербезопасность, мошенничество, мошенники, защита данных, взлом данных, мошеннические схемы, вид мошенничества, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.12.2024 17:00 Фото: Zakon.kz
Алматы қаласының құқық қорғау органдары мен байланыс операторлары арасында жасалған меморандум шеңберінде прокуратураның үйлестіруімен "Киберпол" бөлімшесінің қызметкерлері "Sim-Box" жабдығын пайдалану фактісін анықтады.

Сәтбаев көшесіндегі офистердің бірінен күдіктіден 3 "Sim-Box" құрылғысы тәркіленді.

Жабдық слоттарынан қазақстандық және ресейлік ұялы байланыс операторларының 80-нен астам SIM-картасы табылды.

"Sim-Box" жабдығын алаяқтар жаппай қоңыраулар шалу, хабарламалар тарату және абоненттік нөмірлерді ауыстыру үшін пайдаланады.

Аталған факті бойынша абоненттік құрылғының сәйкестендіру кодын өзгертуге мүмкіндік беретін бағдарламаларды заңсыз пайдалану туралы сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды (ҚР ҚК-нің 213-бабы).

Бұл соңғы айдағы осындай құрал-жабдықтардың екінші рет анықталуы.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды қырағылық сақтауға шақырады. Егер сізде осындай жабдықты қолдану туралы ақпарат болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлаңыз.

Сондай-ақ жеке деректердің құпиялылығын сақтау қажеттігін еске саламыз: кіру кодтарын, парольдерді және банк карталарының деректемелерін бөгде адамдарға бермеңіз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: