"Салонда баласы ұйықтап жатқан". Алматылықты өз көлігі басып, мерт етті

Жол апаты, Алматы таулары, ГАЗель, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2024 16:22 Сурет: Zakon.kz
2024 жылғы 7 желтоқсанда Алматы тауларында қайғылы жол апаты болды. Салонында ұйықтап жатқан баласы бар, сықиып жүк тиелген ГАЗель өз жүргізушісін басып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қайғылы оқиға Мұстафа Шоқай көшесі маңындағы тар жолдардың бірінде болған. Жергілікті тұрғын көлікпен үйіне қайтып бара жатқан, ал салонда ұйықтап жатқан бес жасар баласы да болған. 

"Тікке, биікке қарай көтерілу кезінде үйіне бірнеше ондаған метр жетпей, оның алдынан өзге көлік шығады. Жол тар болғандықтан, қос көліктің қатар өтуі қиын, сондықтан ер адам тоқтап, келе жатқан көлікке жол бермекші болады", - дейді Zakon.kz тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты, Алматы, тау, ГАЗель, қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2024 16:22

Сурет: Zakon.kz

Жүк тиелген ГАЗель төмен ылдилап қоя бермесі үшін жүргізуші тежегіш тартқышын тартып, көліктен түседі. Сөйтіп артқы дөңгелектердің астына бірдеңе қоймақ болғанда ол үлгермей қалады. Көлік артқа жүріп кетіп, иесін басады. Бұл кезде келесі көлік бұрылмақ болғанда, бір жағына қарай аударылып қала жаздайды. 

Оқиға куәгерлері дәрігерлерді шақырып, баланы салоннан алып шыққан. Өкінішке қарай, 1988 жылғы ер адам өмірге сәйкес келмейтін алған жарақаты салдарынан жедел жәрдем көлігі келгенге дейін оқиға орнында жан тапсырды. 

Қазір жол апаты орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: