Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

Сейсмометр, сейсмология, сейсмологи, сейсмограмма, землетрясение , сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 09:57 Фото: wikimedia
Бүгін, 2024 жылдың 9 желтоқсанында Түркістан облысының аудандарының бірінде жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақпаратқа сәйкес, жер дүмпуін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі "ННЦСНиИ" ЖШС сейсмикалық стансалар желісі Астана уақыты бойынша таңғы сағат 08:00, 31 мин, 10 секундта тіркелген.

"Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан аумағында – Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 742 шақырым жерде орналасқан. Есептелген қарқындылық: Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы, Шабуылшы ауылында — 2 балл. Зардап шеккендер мен қираулар туралы ақпарат түскен жоқ", — делінген дүйсенбі күні тараған хабарламада.

2024 жылы 4 желтоқсанда Алматыдан 96 шақырым жерде жер сілкінісі болды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: