Ақтөбе облысында әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

Әскери қызметші, суицид, Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.12.2024 19:23 Сурет: pexels
2024 жылдың 8 желтоқсанында қызметін өткеру орнында Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің бастығы өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алдын ала ақпарат бойынша, қорғаныс істері жөніндегі департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, орын алған қайғылы оқиға әскери тұлғаның қызметімен байланысты емес.

"Болған қайлығы оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталуда. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды", делінген хабарламада.

Ақтөбе облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады.

Бұған дейін Талғар қаласы маңында 16 жасар Шерзат Полатты өлтіру ісімен байланысты 30 жастағы ер адамның денесі табылды. Алдын ала мәліметтер бойынша, ол асылып қалған.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: