Ақтөбеде велотренажерге қысылып қалған бала құтқарылды

Төтенше жағдай, Ақтөбе, велотранежер, жасөспірім, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.12.2024 17:58 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтөбеде велотренажерге қысылып қалған 15 жастағы жасөспірімнің ата-анасына құтқарушылар көмегіне жүгінуге тура келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

16 желтоқсанда 112 шұғыл байланыс желісіне Ақтөбе қаласындағы ағайынды Жұбановтар көшесінде орналасқан көппәтерлі үйлердің бірінен қоңырау келіп түсті. 2009 жылы туған баланың қолы велотренажерде қысылып, ол оны өз бетімен шығара алмаған.

"Оқиға орнына шұғыл жеткен төтенше қызметкерлері саймандардың көмегімен тренажерді ішінара бөлшектеп, баланың қолын босатып, оны жедел медициналық жәрдем бригадасына табыстады", делінген хабарламада.

Бұған дейін еліміздің әр өңірінен Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен ерекше құттықтағанын жазған болатынбыз

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: