Түркістан облысында жедел жәрдем көлігі жете алмаған шалғай ауылға құтқарушылар аттанды

Құтқарушы, Түркістан облысы, жедел жәрдем, шалғай ауыл, көмек, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 10:13 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Түркістан облысында таулы аймақта орналасқан ауылдағы шақыру орнына жедел жәрдем қызметі жете алмаған. Сондықтан ақ халаттылар төтеншеліктер көмегіне жүгінген, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 112 пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының операторынан Түркістан облысы Төле би ауданының Ұзынарық ауылында 2022 жылы туған баланы тасымалдауға көмек қажет екендігі туралы хабарлама келіп түсті.

"Аталған ауылға Леңгір қаласынан жедел құтқару жасағының қызметкерлері өтімділігі жоғары техникамен көмекке асықты. Шақыру орнына аман-есен жеткен құтқарушылар науқасты жедел жәрдем көлігіне жеткізіп, оны денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне табыстады", делінген 7 қаңтардағы ТЖМ хабарламасында.

Айта кетсек, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі 2025 жылы 6 қаңтарда қар көшкініне байланысты ескерту жасады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: