Маңғыстауда өлген итбалықтардан вирус анықталды

Итбалықтар, қырылу, Маңғыстау облысы, Алматы, ғылыми орталық, вирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.01.2025 12:04 Сурет: pexels
Маңғыстауда итбалықтар қырылып қалған болатын. Осыған қатысты Алматыдағы микробиология және вирусология ғылыми орталығының зертхана меңгерушісі Айдын Қыдырманов пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Айта кетсек, Маңғыстауда 2024 жылы қазан-қараша айларында Түпқараған және Қарақия аудандары аумағындағы теңіз жағалауынан 2 мыңға жуық өлі итбалық табылған болатын. Осы кезде ғылыми орталықтың қызметкерлері Маңғыстауға келіп, өлекселерден сынамалар алған.

Сол сынамалардың алғашқы нәтижесі шықты. Мамандар молекулярлық-генетикалық талдау жүргізіп, итбалықтардың миы мен өкпе тіндерінен жаңа вирустық жұқпалы ауру тапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сол сынамалардың барлығында вирус болды. Бұл - вирустық нейроинфекция. Ал енді оның жануардың миынан табылғаны осы аурудың бірден бір себебі - вирус екенін дәлелдейді", - дейді орталықтың вирустар экологиясы зертханасының меңгерушісі Айдын Қыдырманов.

Маманның айтуынша, бұл вирус иммундық жетіспеушіліктен болады. Ғылымда әлі толық сипатталмаған, анықталмаған дерт. Теңіз сүт қоректілеріне тән вирустық инфекция.

ҚР Ауылшаруашылығы министрлігі 2024 жылы 14 қарашада Каспий жағалауында итбалықтардың қырылу себебін ғалымдар зерттеп жатқанын мәлімдеген еді.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: