Семейдегі өзенге батып кеткен көлік: екі жолаушыны іздеуге өзге аймақтардан сүңгуірлер тартылды

Семейдегі өзенге батып кеткен көлік: екі адамды іздеуге басқа аймақтардан сүңгуірлер тартылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2025 16:31 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаменті басқармасы бастығының міндетін атқарушы Дидар Қажкенов Семейдегі Ертіс өзеніне құалған көліктің екі жолаушысын іздеу жұмыстары жайлы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер сүңгуірлер екі адамның денесін әлі күнге іздеп жатқандығын айтты.

"Қазір сүңгуірлік жұмыс қиын, өйткені мұз қалың және құтқарушылар суға түспес бұрын өздерінің жеке қауіпсіздігіне көз жеткізуі керек. Олар алдымен мұздың қалыңдығын өлшейді, тек содан кейін ғана жұмысқа кіріседі. Суға түсуге рұқсат етілетін өз өлшемдері бар, сондықтан да жұмыс біршама күрделене түседі",- деді Дидар Қажкенов 2025 жылғы 10 қаңтарда өткен баспасөз мәслихатында.

Ол төтенше жағдай өткен жексенбіде, 5 қаңтарда болғанын еске салды. Автокөлік салонында екі ер адам және екі әйел болған. Жүргізуші өздігінен жүзіп шыға алған, қалған үшеуі батып кетті. Оқиға болған күні қаза тапқандардың бірінің денесі судан шығарылған болатын. 

"Біз сондай-ақ басқа өңірлерден сүңгуірлерді, Республикалық жедел-құтқару жасағынан 10 адамды, екі техниканы, Шығыс Қазақстан облысынан сүңгуірлерді және Павлодар облысынан құтқарушыларды тарттық", – деді Дидар Қажкенов.

Бұған дейін, 6 қаңтар күні суға батқан көлік шығарылғаны хабарланған болатын. Алайда, оның ішінде ешкім болмай шықты. 

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: