Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысатын қылмыстық топ ұсталды

Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысатын қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Павлодар қаласының прокуратурасы Полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі түрде ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.
Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген.
Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды, оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript