Қапшағай тас жолында тағы бір ЖКО орын алды: бұл жолы әскери техниканың қатысуымен

Қапшағай тас жолында тағы бір ЖКО орын алды: бұл жолы әскери техниканың қатысуымен, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.01.2025 16:34 Сурет: Telegram/qazavtojol
Бүгін, 2025 жылғы 15 қаңтарда Алматы – Өскемен автожолында әскери техниканың қатысуымен жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді. Оқиғаның мән-жайын "ҚазАвтоЖол" ҰҚ" АҚ баспасөз қызметі баяндап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство ақпаратынша, жол-көлік оқиғасы 2025 жылғы 15 қаңтарда сағат 13:40-та тіркелген.

"Алматы-Өскемен" автожолының оңтүстік бағытының 56 шақырымында "Цзефан" автокөлігінің жүргізушісі Заречный ауылы маңындағы өтпежолдан келе жатқанда тралдан екі бірлік әскери техниканы түсіріп алды",- делінген ақпаратта.
Сурет: Telegram/qazavtojol

Нәтижесінде техника жүру бөлігіне аударылып, сүйемелдеп келе жатқан "Ssang Yong Actyon" автокөлігімен соқтығысты.

Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.

Сурет: Telegram/qazavtojol

Сонымен қатар, облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл факт бойынша тексеру жүргізіліп жатқанын нақтылады.

"Аймақ полициясы жүргізушілерге үлкен жүктерді тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау және жолдарда сақ болу керектігін ескертеді".Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Бұған дейін Алматы іргесіндегі Қапшағай тас жолында 20-ға жуық көліктің қатысуымен жол апаты орын алғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: