Маңғыстаудағы сарбаздың өлімі: айыпталушы оқты абайсызда атқанын мәлімдеді
22 жастағы зениттік-артиллериялық взводтың экс-командирі Дамир Досов 2024 жылдың 7 қыркүйегінде кезекшілікке түскенін мәлімдеді. Ол қаруды қабылдап алғанда майор Бағдат Майлиев тапаншаның оқтаулы екенін айтпаған және нұсқама жүргізбеген. Досов қаруды алып, оның бекітпесін босатқанын артынша шертіп, онда оқ-дәрінің жоқтығына көз жеткізгендігін алға тартады.
"Мен кінәмді мойындамаймын, себебі мұны әдейі істеген жоқпын. Шатырға мылтықпен мақтанып, оны ары-бері бағыттап кірген болатынмын, сол сәтте абайсызда шертпені басып қалдым. Бәрі оқыстан болды. Өзім түсінбестен бірнеше секундқа қатып қалдым. Барқұловпен араз болмағанбыз. Ата-анасынан кешірім сұраймын",- деді Дамир Досов.
Лейтенант өзі туралы Алматыдан шыққанын, Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында жоғары білім алғанын айтты. Взвод командирі лауазымына қайғылы оқиғадан біраз бұрын ғана тағайындалған. Атасы Ауған соғысының ардагері болғандықтан осы салады қызмет етуді армандаған.
2024 жылғы 7 қыркүйекте Ақтаудағы взвод командирі "Оймаша" полигонының аумағында ПМ табельдік тапаншасынан қатардағы жауынгерге оқ атқан. Салдарынан мерзімді сарбаз Марат Барқұлов көз жұмды. Бұған дейін сот ісінде оқиғаның қалай болғандығын мерзімді сарбаз Махсым Дангаров айтып, куәлік еткен болатын.