Самара - Шымкент тас жолында 82 шетел азаматы құтқарылды
Фото: МЧС РК
23 қаңтар күні таңға жуық Ақтөбе облысында Самара-Шымкент тас жолында құтқарушылар 82 шетел азаматына көмек көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ мәліметінше, Шымкент қаласынан Ресей Федерациясына бара жатқан автобус ақаулыға себебінен жолын жалғастыра алмай, жүргізуші құтқарушылардың көмегіне жүгінді.
ТЖМ қызметкерлері Өзбекістан, Тәжікстан және РФ азаматтары болып табылатын 82 жолаушыны, оның ішінде 3 баланы Құрылыс ауылының жылыту пунктіне жеткізді.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
"Зардап шеккендер жоқ",- деп нақтылады ведомство.
Бұған дейін Ақтөбеде жүз шақты адамның емшіге алданғаны хабарланған болатын.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript