Балаға мүгедектер арбасын ұсынбаған әуекомпания жауапқа тартылды

Самолет, самолеты, самолет зимой, самолеты зимой, снегопад в аэропорту, снег в аэропорту, снегопад в аэропорту, метель в аэропорту, задержка рейсов, погодные условия, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2025 12:36 Фото: flickr
2025 жылғы 30 қаңтарда Бас көлік прокуратурасы балаға мүгедектер арбасын ұсынбаған әуекомпанияның жауапқа тартылатындығын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиға 2024 жылғы 3 қарашада болған.

Ведомство ақпаратынша, Санкт-Петербург–Aстана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компаниясы тиісті қызмет көрсетпеген.


"Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болды",- делінген ақпаратта.

Анықталғандай, әуе компаниясы қызметкерлерімен мүгедек арбасының қажеттілігі туралы қате хабарламасы уақтылы қызмет көрсетпеудің себебі болды.

Астана авиациялық көлік прокуратурасы ерекше қажеттіліктері бар жолаушының құқықтарының бұзылуы бойынша ықпал етті.

"Прокуратура актісі бойынша әуе компаниясы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігі)". Бас көлік прокуратурасы

Бұған дейін Ішкі істер министрлігінің Тоқаевтың тапсырмасын қалай орындау керектігін талқылағандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: