"Бүтіндейміз деп бүлдірген". Түркістан облысында әйгілі Ақбикеш мұнарасы қирап тынды

Ақбикеш, мұнара, Түркістан облысы, Созақ ауданы, қирау, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2025 09:25 Сурет: видеодан алынды
Түркістан облысында мемлекет қорғауындағы IX ғасырлық тарихы бар мәдени мұра қирап қалды. Қаратау шыңына Ақбикеш мұнарасы XII ғасырда салынған. Кесененің опырылуын тұрғындар реставрация жұмысынан көруде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Себебі үш жыл бұрын көне қарауылхананы жаңғыртуға келген құрылысшылар мәдени мұраны "бүтіндейміз" деп жүріп бүлдірген. 2022 жылы мұнараны нығайтуға 30 миллион теңге бөлінген. Бірақ жаңғырту жұмыстарын көрген тұрғындар бүтіндеуді реставратор мамандар емес, гастарбайтерлер жүргізгенін айтты. Реставрация жұмысы біткен соң да, көп өтпей сылағы түсіп, қабырғалары сөгіле бастапты. Осылайша IX ғасыр тұрған 11 метрлік мұнара жаңартылғанына үш жыл өтпестен опырылып қалды, деп хабарлайды КТК.

Созақ ауданының әкімдігі мәдени мұраның бүлініп жатқаны туралы талайдан бері дабыл қаққандарын айтады. 

"2020 жылы "Қазреставрация" ғылыми зерттеу және жобалау мекемесінің Қызылорда филиалы тарапынан қалпына келтіру жұмыстары жүргізілген. Біз осы мекемеге кешегі жағдайды толық баяндап, ол мекеме арнайы комиссия құрып, алдағы уақытта осы мұнарамызды қайта қалпына келтіру жүргізілетінін хабарлады".Серік Маманов, Созақ ауданы әкімінің орынбасары

Енді қираған мұнараны үш жыл бұрын жаңғырту жұмыстарын жүргізген "Қазқайтажаңарту" мекемесі қайта бүтіндемек.

Айта кетсек, жергілікті қазақ аңыздары бойынша, Ақбикеш Қаратаудың солтүстік беткейін мекен еткен алшын руының аяулы қызы. Сыртқы елдің басқыншылары қанды жорық жасап елді шапқанда, Ақбикеш елдің ер-азаматтарымен қатар бостандық соғысына қатынасып, ерлік көрсетіп,  жау қолында мерт болады. Халық бостандық үшін оққа ұшқан ару қызды ардақтап, оған Қаратаудың биік жотасына Ақсүмбе мұнарасын тұрғызады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: