Елорда егеуқұйрықтардың отанына айналудың аз-ақ алдында тұр

Астана, Астана зимой, Астана зима, виды города Астаны, зима в Астане, зимой в Астане, зимняя Астана, заморозки в Астане, мороз в Астане, снег в Астане, похолодание в Астане, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 11:51 Фото: unsplash
Елорда кеміргіштердің отанына айналып барады, оларды қазір қоқыс алаңдары мен көше бойынан бөлек, тіпті көпқабатты тұрғын үйдің ішінен де кездестіруге болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астананың Нұра, Есіл, Алматы ауданының тұрғындары бүгінде егеуқұйрықтармен бетпе-бет келуде. Зиянкестер жан баласынан сескенбейтін болған. "24kz" ақпаратынша, қоқыс алаңдары мен ашық алаңқайды былай қойып, жаңадан салынған тұрғын үй кешендерін өз мекендеріне айналдырған.

Қаланың санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің дерегінше, алдаңғы көктемдегі ахуал бұдан да қиындай түспек. Күн жылысымен елорданы егеуқұйрықтар басып алуы ғажап емес. Бұған бірден-бір себеп былтырғы су тасқыны.

Бұл ретте, мамандар дер кезінде шара қолданбаса кеміргіштен келетін кесел аз еместігін айтады. Олар өздерімен бірге құтырма, оба, лептоспироз ауруларын тасымалдайтын көрінеді.

Бұған дейін Атыраудағы апатты үйдің тұрғындары биліктен шұғыл түрде көшіруді сұрап жатқандығы хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: