Қонаевта оқушыны өлімші етіп сабаған – әкімдік мәлімдеме жасады

Ребенок в больнице, дети в больнице, пострадавший ребенок, пострадавшие дети, ребенок, дети, детская больница , сурет - Zakon.kz жаңалық 04.02.2025 14:46 Фото: freepik
Қонаевтың кіре берісіндегі көпірдің астында 9-сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған. Бұл туралы ақпаратты журналист Гүлмира Әбіқай таратты. Алайда, ресми органдар мұның жалған екенін алға тартып, төбелес туралы ешқандай факт тіркелмегенін мәлімдеді.

Гүлмира Әбіқайдың жазуынша, қазір бала жансақтау бөлімінде. Болған оқиға жайлы ол 3 ақпанда өзінің Instagram парақшасында егжей-тегжейлі баяндады.

"Қалаға кіре беріс алып көпірдің асты күші тасыған оқушыларға күшті мекен болды. Топтық төбелес, тығылып ішу, тарту бәрі осында өтеді.Кеше ғана 9 сынып оқушылары топтасып өз сыныптасын өлімші етіп ұрып тастаған.Бала жансақтау бөліміне түсті, қазір ауруханада". Гүлмира Әбіқай

Бұл ретте, қала әкімдігінің баспасөз қызметі ақпараттың жалған екендігін мәлімдеді. Сондай-ақ, Қонаевта бұған дейін көпірдің астында төбелес болғаны туралы дерек тіркелмегенін баса айтты.

Өз кезегінде оқушының анасы төбелес болғанын жоққа шығарып, бейнежазба түсірген.

"Осы жылдың 31 қаңтарында кәмелетке толмаған ұлым жергілікті ауруханаға түсті. Қаланың кіреберіс көпірінің астында ұлымды ешкім соққыға жыққан жоқ және ешқандай топтық төбелес болған жоқ", – деді ол.

Сондай-ақ, оқушының ауруханаға түсу себебі "оны қатарластары өлімші етіп сабағаннан" емес, "өз-өзіне қол жұмсамақ болғанынан" екендігі белгілі болды.

"Бұған дейін Полиция басқармасы мәлім еткендей, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын толық және жан-жақты зерттеу үшін барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Аталған жұмыстардың нәтижесі бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді".Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Әкімдік ақпаратына сүйенсек, бүгінде жергілікті білім бөлімі орта мектеп-гимназиясындағы тәртіптік жағдайға қатысты комиссия құрды. Оқушы "Антисептикпен улану" диагнозымен ауруханаға түскен. Қазіргі таңда жағдайы жақсы, ем қабылдауда. Өзіне-өзі қол жұмсамақ болған бала оқуда озат, ортасында сыйлы оқушы.

Сонымен қатар, әкімдік БАҚ өкілдері мен Қазақстан халқын ресми ақпарат көздеріне ғана сенуге шақырды.

"Жалған ақпарат тарату үшін ҚР Заңнамасы аясында әкімшілік жаза қарастырылғанын естеріңізге саламыз". Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Бұған дейін Павлодарда қоғамдық орында ішімдік ішкен 600 азамат жауапқа тартылғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: