Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірі бүлдіршіндерге құрттаған ботқа бермек болған

Ақтөбе облысындағы балабақшалардың бірі бүлдіршіндерге құрттаған ботқа бермек болған , сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2025 10:02 Сурет: pixabay
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласындағы балабақшаны санитар мамандар тексерген. Алдымен құрт қаптаған ботқаны көрген тәрбиешілер дабыл қаққан болатын. Таңғы асқа берген тағамда құрт пен қоңыздың өріп жүргеніне аспаздар да, мейірбикесі де көңіл аудармапты. Бастысы, балалар ауыз тиіп үлгермеген.

"КТК" телеарнасының дерегінше, бір қап жарманы сараптамаға жіберіп, ол жерде сұлы ботқасында жүрген ұсақ қоңыз екені расталды.

Қапта қалған 19 келі сұлыны сол бойы отқа жағып, балабақшаға 450 мың теңгедей айыппұл салынды. Жұмыстан қуылған басшылардан бөлек, қойма меңгерушісі мен аспаз көмекшілері қатаң сөгіс алды.

"Тамақ өнімдерін сақтау кезінде температура, ылғал режимі бұзылған. Сонымен қатар қоймаларында салыстырмалы ылғалды бақылау аспаптарымен жабдықталмаған. Тексерген кезде жарма сақталатын қоймадан жәндіктер табылды. Тәулік сынамасында сұлы ботқасынан қалған сынамада қоңыздар анықталды". Лаура Ршауова, Ақтөбе облысы санитария-эпидемиологияны бақылау департаментінің бөлім басшысы

\Бұған дейін елордада жеделсаты ішінде шабуылға ұшыраған бес жасар балаға ота жасалғандығы хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: