Нұрдәулет Төлеев президент Әкімшілігіндегі қызметінен босатылды

Нұрдәулет Төлеев қызметінен босатылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.02.2025 09:03 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеев қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2025 жылғы 17 ақпандағы Ақорда мәліметінен белгілі болды.

"Мемлекет басшысының өкімімен Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Жалпы бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды",- делінген ақпаратта.

Нұрдәулет Төлеұлы Төлеев – 1984 жылы 31 қазанда туған.

Қазақ гуманитарлық заң университетін, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген. Заңгер.

Еңбек жолын 2004 жылы Астана қаласындағы "ТопЮрАудит КазГЮУ" ЖШС-де юрисконсульт болып бастады, 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының магистранты, одан кейін Қазақстан Республикасы Заңнама институтының ғылыми қызметкері, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратының Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің қызметін қамтамасыз ету бөлімінің бас консультанты қызметтерін атқарды.

2008 жылдың қарашасынан бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде жұмыс істеп келеді: Әкімшілік Басшысының хатшылығында консультант, Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің инспекторы, сектор меңгерушісі болды.

2019 жылғы шілдеде Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Жалпы бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды.

"Ерен еңбегі үшін" медалімен (2016) және 4 мерекелік медальмен марапатталған.

Бұған дейін Дәурен Ерғарин ҚР Президенті Әкімшілігіндегі Алексей Калайчидидің орнына келгендігі хабарланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: