Қарағанды облысында оншақты ауыл жарықсыз қалды: Әкім мәлімдеме жасады

Жарықсыз қалу, Қарағанды облысы, Шет ауданы, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.02.2025 20:42 Сурет: pxhere
Электр энергиясымен қамсыздандыру мәселесіне байланысты жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілген Қарағанды облысы, Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров 27 ауылдың 14-і электр қуатына толықтай қосылғанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әкім 21 ақпанда Instagram-дағы парақшасында жазды.

"Біз ауданда электр энергиясын қалпына келтіру үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатырмыз. Жөндеу жұмыстарына жергілікті мамандар тартылды. Шет Энерго компаниясынан электр қуаты берілетін 27 ауылдың 14-і қосылды. Қалған елді мекендерде электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. "Шет Энерго" желілерін толық тексеру жоспарлануда", делінген жазбада.

Апаттық учаскелерді анықтау үшін аккредиттелген компаниялар тартылатыны да нақтыланады.

"Бұл жұмыстардың барлығы заң аясында жүзеге асырылады.Біздің басты мақсатымыз – тек жедел қалпына келтіру ғана емес, сонымен қатар, тұрақты және сенімді электрмен жабдықтау жүйесін құру. Бұл тұрғындарымыздың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - дейді әкім.

Бұған дейін "Шет Энерго" компаниясы "Жезқазған таратушы электр торабы компаниясы" АҚ-ның электр энергиясын тасымалдау бойынша талаптарын орындамауына байланысты ауданда электр энергиясын беру шектелгені, соған сәйкес жергілікті ауқымдағы төтенше жағдай режимі енгізілгені жарияланған болатын. 

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: